10
февраль
2023
тарихымыз
Біздің балабақша
1.КМҚК «Ертөстік» бөбекжай- бақшасы туралы ақпарат
1.1.Тарих
Біздің балабақшаның тарихы, біздің туған ауылымыз Шоқпар ауылының тарихымен байланысты, әрине , жалпы елімізбен байланысты деп айтуға болады. Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар станциясындағы Яслисад №50 балабақшасы пайдалануға берілді. Онда бір жастан, жеті жасқа дейінгі балалар барды. Бірінші меңгеруші Бунчик Раиса Михаиловна болған. 1985 жылдан бастап Сарбаева Күлаш Абдрахмановна 1997 жылға дейін меңгерушілік қызмет атқарды. 1996-2007 жыл аралығында 10 жылға балабақша жабылды.
2007 жылы балабақша «Ертөстік» КМҚК атауымен қайта ашылды. Балабақша меңгерушісі болып Сыздыкова Жулдыз Кеңесбекқызы басқарды. Ол кісінің басшылығымен облыс, аудан, ауыл ішіндегі көрнекі балабақша болды; аудан меңгерушілері мен тәрбиешілеріне арналған ашық іс-шаралар, семинарлар өткізілді. 2007 жылдан 2018 жылға дейін (11жыл)меңгеруші қызметін Сыздыкова Жулдыз Кеңесбекқызы атқарды.
2017 жылы балабақша ұжымы 10 жылдық мерей тойын ауыл төңірегінде концерттік бағдарлама аясында атап өтілді. 2018 жылдан бастап Абиева Мақпал Болатқызы меңгеруші қызметін атқарып отыр. Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің КММ «Ертөстік» бөбекжай- бақшасы КМҚК болып жұмыс атқарылуда. Балабақшада 40 бала тәрбиеленіп отыр. Кезекте тұрған балалар да жоқ емес. Ауылда 3100 тұрғын бар.