13
февраль
2023
Біз туралы қысқаша мәлімет
Жамбыл обылысы Шу ауданы Шоқпар ауылындағы «Ертөстік» бөбекжай балабақшасы балаларды заман талабына сай тәрбиелеуде.
40 орынға арналған мемлекеттік мекемеде білікті, әрі білімді тәрбиешілер қызмет етеді. Бөбекжай 2007 жылы "Балапан" бағдарламасы аясында ашылған.
Балабақшада балалардың қауіпсіздігі үшін 8 жерге бейне бақылаулар орнатылған. Сондай ақ, мұнда білім нәрімен сусындауға да үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Білікті тәрбиешілер, түрлі ойындар арқылы балалардың дүниетанымын арттырса, түрлі логикалық ойындар ойнатып ой өрістерінің дамуына ықпал жасайды. Сонымен қатар, психолог кабинеті жұмыс жасайды. Балабақшадағы спорт, өнер іс-шаралары балақайлардың талантын ашуға, көпшілік алдында өнер көрсетуге тәрбиелейді.
"Ертөстік" бөбекжай балабақшасында тәлім алатын 40 балаға берілетін 3 мезгіл тамақтың сапасы мен құнарлылығы қатаң бақылауда.